Сайттың мәзiрi/Меню
Форма входа

Iздестіру/Поиск
Күннiң кiтабы/Книга дня
Жаңалықтар/Новости
Бас бет/Главная» Тарих-и Рашиди
Тарих-и Рашиди
Көрнекті мемлекет қайраткері, қолбасшы, ақын, ғүлама ғалым М.Х.Дулатидің "Тарих-и Рашиди" атты әлемге әйгілі еңбегі алғаш рет қазақ оқырмандарына қолжазба нұсқасынан тәржімаланып, ұсынылып отыр. "Тарих-и Рашиди" XIV ғасырдан XVI ғасырдың орта кезеңіне дейін, яғни бірнеше ғасырды қамтитын энциклопедиялық сипаттағы еңбек. Бұл кітаптың жазылу мәдениеті, ғылыми маңызы, тың оры бізге беймәлім деректерінің молдығы, этнографиялық, этникалық, географиялық, археологиялық мөліметтерінің сонылығы, тарихи оқиғаларды нақты әрі айқын баяндауы оқырманды да, зерттеушілерді де тәнті етеді. Дулати өзіне дейін Тұраннан шыққан тарихи тұлғаларды толық дерлік қамтыған. "Тарих-и Рашиди" ақындық қуат, жазушылық шеберлікпен, көркем де айшықты тілмен жазылған мемуарлық туынды. Оқырман Орталық Азия, Қазақстан, Шығыс Түркістан, Пәкістан, Үндістан т.б. елдердің халықтары, олардың мәдениеті, әдет-ғұрпы туралы танымдық мәліметтермен таныса алады. Кітап тарихшылар мен әдебиет, мәдениеттанушыларға, философтарға, дінтанушыларға, әскер басшыларына, астрономдар мен географтарға, сондай-ақ көпшілік оқырманға арналған.



Қазақстан тарихы/История Казахстана